А.А. Омарова 2000 жылы бакалавриатты бітіргеннен кейін, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- нің химия факультетінің «катализ және коллоидтық химия» кафедрасына магистратураға түсіп, 2002ж бітіріп шықты. 2002 ж қазан айынан бастап Д. В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институтында жетекші инженер болып жұмысқа алынды. 2002 жылы осы Органикалық катализ және электрохимия институтына «мұнайхимиясы» және «катализ» мамандығы бойынша аспирантураға түсті. Екі жылдық аспирантураны бітіргеннен кейін 2004 жылдың желтоқсан айынан бастап жетекші инженер қызметіне ауысты. 2006 жылдан бастап көпфункционалды катализаторлар зертханасында кішкене ғылыми қызметкер болып жұмыс жасады. 2009 наурыз айынан бастап аға ғылыми қызметкер болды. А.А.Омарова 2008 жылы 02.00.15- катализ; 02.00.13- мұнайхимиясы мамандығы бойынша «Модифицирленген цеолитқұрамды катализаторларда моделді көмірсутектермен тура айдау бензині фракцияларын өңдеу» тақырыбында кандидаттық диссертациясын жақсы қорғап шықты. А.А. Омарованың қатысында мұнай және газконденсаттың бензин фракциясын және о- ксилол, С6-С15-н-алкандарды өңдеу процестерінде жаңа көпфункционалды наноөлшемді катализаторларды дайындалды. Тура айдау бензиніне эффективті көпфункционалды ПФК-2 катализаторы өңделді. Бензин фракциясын ПФК-2 катализаторында өңдеу кезінде (Т=3800С, V=2,0сағ-1) сапасы евростандартпен сәйкес келетін жоғары октанды бензин алынды. Ірілендірген қондырғыда бензин фракциясын өңдеу процесінің нәтижесінің негізінде ПФК–2 катализаторы Жаңаөзен қаласындағы Қазақ газ өңдеу зауытында тәжірибелік өңдірістік сынаққа ұсынылды.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазМУ |
Бакалавриат |
2000 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
25.09.2008 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
11.07.2024 |
7
құжаттар
4